458311018 3601402033442968 3553080064439063505 nplaceholder

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің отырысы өтті. Жиында Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жағдайы және партияның 2023-2027 жылдарға «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыс барысындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және жемқорлық тәуекелдерін азайту шаралары талқыланды.

Жиынға бейнебайланыс режимінде менімен бірге өңірден партия филиалы жанындағы кеңес мүшелері, жауапты сала басшылары, мәслихаттардағы фракция мүшелері қатысты.

Кеңес төрағасы Ерлан Саиров сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және жемқорлық тәуекелдерін азайту шараларын қабылдау керектігі қатаң тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен МӘМС қорына қатысты жыл соңына дейін Денсаулық сақтау Министрлігіне тиісті шара қабылдап, кемшіліктерді жою жөнінде тапсырылды. Бұл қоғам үшін өзекті мәселе. «AMANAT» партиясы бақылауда ұстайтын болады.

 

Алмасбек Есмаханов

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар