Елімізде болған су тасқыны салдарынан ет пен мал бағасы өспейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Сенаттың жалпы отырысынан кейін министрдің орынбасарына «Тасқынның салдары ет пен малдың бағасына әсер ете ме?» деген сауал қойылды.
Вице-министр нақты жауабын берді.
«Жоқ, Қазақстанда 9 миллионға жуық ірі қара, 27 миллионға жуық қой, 4 миллионға жуық жылқы бар. (Тасқыннан қырылған) 12 мың бас жалпы малдың 1 пайызы да болмайды. Сондықтан нарыққа ешқандай әсері болмайды», деді Аманғали Бердалин.