СҚО-да су тасқынымен күресіп жүргендер 46 мылтық тауып алды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысы Заречный кентінде әскерилер қапшыққа құм салып жатып, үйдің ескі іргетасын анықтаған.
Полицейлер оны сындырып, ішінен 46 мылтық ұңғысы мен аңшылық қарудың бөлшектерін алып шықты.
Енді бетонды кім және қай жылы ерекше тәсілмен шегендегенін тексеріс анықтайды.