Шиеліде су тапшылығына қарсы жүйелі жұмыс жүргізілуде
Шиелі ауданында егін алқаптарын сумен қамту жұмыстарын жандандыру мақсатында арнайы техникалар мен сала мамандары тартылуда.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен еліміздің 8 өңірінен 35 маман және 11 су көтеру насосы жеткізіліп, қашыртқы каналдар арқылы су тарту жұмыстары қолға алынды.
Ауыл шаруашылығы өнімін сақтап қалуға бағытталған бұл нақты қадам — су тапшылығына қарсы жасалған жүйелі әрекеттің бірі.