Статистика туралы заңға өзгерістер енгізілді

2023 07 04 d68dcaf8cb316f3caa12c73b6b64e399 original.189781

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-1 және 12-2-баптары жаңа редакцияда қабылданып, әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Нұрқабылова мәлімдеді.

– Бұл заң жобасы қабылданғаннан кейін, Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.

Бастапқы статистикалық деректерді ұсынатын респонденттер яғни, жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, өз уақытында есептіліктерді тапсырмағаны анықталса немесе күмәнді деректер байқалса арнайы жауапкершілік қаралған. Аталған өзгерістер 2024 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енетін болады, – деді ГҮЛМИРА ЖЕТКЕРГЕНҚЫЗЫ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

одиннадцать + один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар