Бюджет қаражатын қолды еткен жаттықтырушылар бас бостандығын шектеу жазасына сотталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын заңсыз иемденген. Аталған дерекке сәйкес сот үкімімен кінәлілер 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынған. Сөйтіп ол үшін бюджеттен 6 миллион теңгеден астам заңсыз қаражатты қалтасына басқан.
Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметінше, қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.