Антикор сот төрағасының ақшалай пара алып, ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚПК 550-бабына сәйкес Бас прокурормен келісілген соталды тергеу шеңберінде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллинді ұстады.
«Ол сенімді адамы – Ақтау тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат алған.
Жоғарыда аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды», – делінген ХАБАРЛАМАДА.