Қазгидромет шілде айында болатын құрғақшылыққа болжам жасады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
«Қазгидромет» РМК ресми сайтында атмосфералық құрғақшылық басталу қаупі төніп тұрған өңірлер жарияланды. Атап айтқанда:
Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және
Шалқар аудандарында;
Қарағанды облысының Шет ауданында;
Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында;
Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Т. Рысқұлов аудандарында;
Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында;
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында;
Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
Атырау облысының басым бөлігінде болады деп болжанды.