Шиелілік спортшылар – облыстың үздіктері қатарында
Қызылорда қаласында өткен «Алтын күз – 2025» облыстық спартакиадасы аясындағы «Ақ бидай» республикалық ауыл спорт ойындарына іріктеу кезеңінде Шиелі ауданының спортшылары табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Жарыс барысында кикбоксингтен аудан құрамасы жүлделі І орынды иеленіп, аудан намысын абыроймен қорғады.
Бұл жеңіс – спортшылардың жүйелі дайындығы мен бапкерлер еңбегінің нәтижесі. Шиелілік спортшыларға алдағы бәсекелерде сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!