ШИЕЛІДЕ – ЖАҢАРУ ЖЕЛІ, ЖАҢА КЕЛБЕТ

Azattyq-news
1 Min Read

Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауданның қадірлі ардагерлерімен бірге Шиелі кентіндегі көркейту, көгалдандыру және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды аралап көрді.

Аудан орталығы күн санап жаңарып, көшелердің келбеті айшықтанып келеді. Соның айғағындай, Самара–Шымкент тасжолы бойындағы Исатай Әбдікәрімов көшесінде жаңа үлгідегі көрнекі ақпараттық тақталар орнатылды. Бұл тақталарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел болашағына қатысты айқын ұстанымдары мен рухты үндеулері көрініс тапқан.

Жаңа бастама кенттің эстетикалық бейнесін арттырып қана қоймай, тұрғындардың патриоттық рухын күшейтуді мақсат етеді. Аралау барысында аудан ардагерлері атқарылып жатқан игі істерге ризашылықтарын білдіріп, аудан басшысына ақ батасын берді.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру