Шиеліде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Бүгін Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бұл акция – бір реттік шара емес, ол әрбір азаматтың табиғатты аялауға бағытталған тұрақты өмір салтына айналуы тиіс.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков экология мен санитарлық тазалық мәселелерін әрдайым назарда ұстап, бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше көңіл бөліп келеді. Аудан басшысының тапсырмасымен аудан аумағында жүйелі түрде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі сенбілікке аудан орталығы мен барлық ауылдық округтер, дербес бөлімдер, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, жастар ұйымдары мен еріктілер белсене қатысты. Олар көшелер мен қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартып гүлдер отырғызуға атсалысты.
Аталған сенбілік тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға, аудан келбетін жақсартуға, сондай-ақ тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Тазалық – әр азаматтың мәдениетінің көрінісі. Бірге тазалықты сақтап, жарқын болашаққа жол ашайық!