540901552 2122830518247396 5376238132703666811 nplaceholder

Шиеліде Конституцияның 30 жылдығы мерекесіне орай «Ауыл күндері» байқауы “Денсаулық” аллеясында өтті

Биыл – Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 30 жыл, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Айтулы мерекеге орай Шиелі аудандық аурухана жанындағы “Денсаулық”аллеясында «Ауыл күндері» байқауы өтті.
 
Салтанатты шарада аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құттықтау сөз сөйлеп, игі бастамалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елді мекендерді дамытуға бағытталған нақты тапсырмалары мен жүйелі саясатының ауданымызда табысты жүзеге асып жатқанын атап өтті.
 
Сонымен қатар, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың бастамасымен қолға алынған абаттандыру, көгалдандыру, көркейту жұмыстарының айқын нәтижесі іске асып жатқаны айтылды.
 
Президентіміздің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына сәйкес, ауданда ауылдардың әлеуетін арттырып, халықтың белсенділігін көтеруге бағытталған «Ауыл күндері» байқауы бастау алған болатын.
 
Әр аптаның жұмасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл бастама – ауыл тіршілігін жандандырып, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, ел ішіндегі бірлікті нығайтуға бағытталған. Байқау аясында мәдени іс-шаралар, ауыл өнімдерінің жәрмеңкелері, спорттық ойындар мен абаттандыру жұмыстары өтуде.
 
Бүгінгі «Ауыл күндері» де жаңа «Денсаулық аллеясында» ұйымдастырылып, аудан тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл жолғы байқауда Жаңатұрмыс және Телікөл ауылдық округтері қатысып, өздерінің өнерін, өнімдерін және бастамаларын көпшілікке ұсынды.
 
«Денсаулық аллеясы» – тұрғындардың өмір сапасын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттайтын, әрбір отбасыға қуаныш сыйлайтын ерекше орын.
 
Алдағы уақытта да ауданымызда денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасын таба бермек.
 
Салауатты өмір салтын насихаттайтын бұл нысан – жай ғана демалыс орны емес, спортпен айналысуға, серуендеп тынығуға, балалардың еркін ойнап, қуанышқа кенелуіне арналған жайлы орта.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

семнадцать − 9 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар