504381549 2078285539368561 1144916681583079592 nplaceholder

Шиеліде Астана күні мен Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті

Шиеліде Астана күні мен Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бүгін «М. Шоқай» атындағы орталық алаңда Астана күні мен Ұлттық Домбыра күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. Ұлттық рухты дәріптейтін шараны Шиелінің өнерпаздары жоғары деңгейде ұйымдастырып, өнер сүйер қауымға көтеріңкі көңіл-күй мен рухани ләззат сыйлады.
 
Мерекелік кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов пен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла Палымбетова құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы ортақ бірлік пен өнердің тәрбиелік рөлі туралы тілге тиек етті.
 
Сонымен қатар Болатбек Әбдулхайысұлы 23 маусым мен 3 шілде аралығында Қызылорда қаласында өткен «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауында жүлделі ІІ орынды жеңіп алған Шиелі аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарын көпшілік алдында арнайы марапаттап, аудан атын асқақтатқан шығармашыл жандарға ризашылығын жеткізді.
 
Әсем ән мен күмбірлеген күйге толы концерт көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, рухани мерекеге ұласты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

13 − 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар