523649184 2092384154625366 4004929344923786010 nplaceholder

Шиеліде абаттандыру жұмыстары қарқын алуда

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтің қатысуымен өткен брифинг барысында Шиелі кентіндегі абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және жол жөндеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет берілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

2025 жылы аудан орталығын абаттандыруға 977 млн теңге қаржы бөлініп, бұл қаражат келесі бағыттарға бағытталуда:
Дәулеткерей көшесі, Байтұрсынов–Жақаев көшелерінің қиылысы:
• Заманауи үлгідегі 22 дана екіжақты түнгі жарық шамдары орнатылды
• Жаяу жүргіншілер жолдары мен жол жиегіне дейін тас төсеу жұмыстары жүргізілді
 И.Әбдікәрімов көшесі бойындағы Руханият орталығы ауласы:
• Тамшылатып суару жүйесімен көгалдандырылды
• Субұрқақ, заманауи жарық шамдары, отырғыштар орнатылып, көрікті демалыс аймағына айналды
 Жайлыбаев және Д.Смайылов көшелерінде автожолдарды күрделі жөндеу басталды
 Шиелі кентіне Бизнес-инкубатор нысанын орнату жұмыстары қолға алынды
 Сонымен қатар, демеушілер қолдауымен:
№244 және №48 мектептер жанынан балалар ойын алаңдары мен шағын футбол алаңдары салынды
 
«АУЫЛ АМАНАТЫ» – ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ЖОБАСЫ
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл халқының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.
 
Шиелі кентінде бұл жоба аясында жаңа кәсіпкерлік нысандар ашылып, өз жұмысын бастады.
 
 Соңғы үш жылда аудан бойынша жалпы құны 968,1 млн теңгені құрайтын 135 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, шағын және орта бизнес айтарлықтай дамыды.
 
 Абаттандыру мен кәсіпкерлікті қолдау – тұрғындар өмірінің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

19 − 12 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар