504431631 2079825589214556 7600427618795108883 nplaceholder

Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында рейдтік іс-шаралар өткізілуде

Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында рейдтік іс-шаралар өткізілуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Шиелі ауданы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
 
Қызылорда облыстық мәслихатының №112 шешімімен бекітілген Абаттандыру қағидалары барлық тұрғындар мен мекемелер үшін міндетті. Онда көшелер мен аулаларды таза ұстау, ғимарат қасбеттерін күтіп-баптау, рұқсатсыз қоқыс төкпеу, қалдықтарды арнайы орындарға шығару және санитариялық талаптарды сақтау нақты белгіленген.
 
Рейд барысында тиісті бөлім қызметкерлері мен жергілікті полиция өкілдері заңбұзушылықтарды анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жеке және заңды тұлғаларға ескертулер берілді.
 
Абаттандыру мен тазалықты сақтау – тек мемлекеттік мекемелердің емес, әрбір тұрғынның азаматтық борышы екенін тағы да еске саламыз.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар