539938621 2120423301821451 1588848677654945997 nplaceholder

Шиелі ауданында денсаулық сақтау саласы жаңа деңгейге көтерілуде

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев ауданға жұмыс сапарымен келіп, жаңадан пайдалануға берілген 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Аталған медициналық нысан мемлекетке қайтарылған активтер аясында салынды. Жалпы құны 2 млрд 323 млн теңгені құрайтын бұл бөлімше заманауи талаптарға сай жабдықталып, қазіргі таңда тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде.
 
Сонымен қатар, ауданда денсаулық сақтау саласында басқа да ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Шиелі ауданаралық ауруханасы жанынан МРТ құрылғысына арналған қосымша корпус салынды. Үкіметтің резервтік қорынан бөлінген 733,2 млн теңгеге құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Ендігі кезекте құны 650 млн теңгені құрайтын жаңа МРТ аппараты орнатылмақ. Осылайша, Шиелі халқына алыс қалаларға бармай-ақ, өз ауданында жоғары технологиялық диагностикадан өтуге жағдай жасалады.
 
Бұдан бөлек, Шиелі кентіндегі «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өтті.
 
Бұл жобалар аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев аудандағы денсаулық сақтау нысандарына жоғары баға беріп, мемлекеттік қолдау арқылы салынған жобалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемнадцать − восемь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар