awxnma8xplaceholder

Шетелдік азаматты ұрып, 5 миллион теңгесін тартып алған

Шетелдік азаматты ұрып, 5 миллион теңгесін тартып алған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласында ірі арнайы операция барысында бопсалаумен айналысты деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды. ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, операцияны 3 маусым күні Алматы қалалық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы (УБОП) Ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратурамен бірлесіп жүргізген.

Тергеу дерегіне сүйенсек, күдіктілер шетелдік азаматты ұрып-соғып, оған күш көрсетіп, қорқыту арқылы шамамен 5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алған. Сондай-ақ оны заңсыз ұстау фактісі бойынша да тергеу жүргізілуде.

Операция барысында күдіктілерден 7 дана атыс және суық қаруоқ-дәрілер, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленді. Барлық айғақ заттар қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать + 12 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар