Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты қорытынды есеп 3 жылда шығады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу бойынша қорытынды есеп үш жылдан кешіктірмей бекітіледі.
Оқиғаны тергеу инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес жүргізіліп жатыр.
“Бұйрықтың 32-тармағына сай, адам қаза болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ұзақтығы комиссия құрылған сәттен бастап авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытынды есеп бекітілген күнге дейін, сондай-ақ егер қосымша зерттеулер қажет болмаса, ереже 36 айдан аспайды”, – деп хабарлады министрлік.
Тергеу комиссиясының мүшесі, көлік вице-министрі Талғат Ластаев 30 желтоқсанда тергеудің алдын ала немесе аралық қорытындысы 30 күнде дайын болатынын хабарлады.