dark slate gray and black photo grids dark mode organizer planner desktop wallpaper 1 1placeholder

Сенат Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңды мақұлдады

Сенат депутаттары “Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Заңға сәйкес Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұрасы объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймақтарында орналасқан объектілерді басқарудың, сақтаудың және олардың бүтіндігін сақтап тұрудың тиімді жүйесін құру қарастырылған. Бұдан бөлек: 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның қорғау аймақтарының аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жоспарлау және басқару;

Тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту, қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дамыту;

Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерін қорғау және пайдалану жөнінде қабылданған шешімдерді ғылыми қамтамасыз ету;

Түркістан қаласының халықаралық ынтымақтастығын дамыту болып саналады.

Бұдан басқа, заңда тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі нормалар, сондай-ақ Түркістан қаласының археология және инфрақұрылым ескерткіштерінің резерватына қатысты нормалар айқындалады.

“Атап айтқанда, құрылыс салуды реттеу аймағында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде сәулет келбеті бойынша олардың тарих және мәдениет ескерткіштерінен асып кетуіне жол берілмейді деп көзделеді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және оның айналасындағы аумаққа құрылыс салуға жол бермеу мақсатында кесененің қорғау аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын және ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейді”, – деді сенатор Сүйіндік Алдашев.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар