Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ету шарасы өтті

447182357 2016048665457302 5399530260481964161 n

Бүгін Қызылорда қаласында бір топ зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, азаматтық қоғам белсенділері, Ассамблея мен этномәдени бірлестік өкілдері және жастар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, еске алу шарасына қатысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жиналған қауым ұлт мүддесі үшін күрескен тұлғаларымыз бен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шараға қатысушылар боздақтар рухына бас иіп, Сыр жұртшылығы атынан «Тағзым гүлін» қойып, боздақтар рухына құран бағышталды.

Аға буын өкілдері жастарға мемлекетіміздің туын биік ұстап, бейбіт күніміздің қадірін бағалау және өткен күннен сабақ алу қажеттілігі туралы өсиеттерін айтып тарқасты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар