Қазір оқиға орнында 300-ге жуық полиция және өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Азаматтар мен сол маңдағы автокөліктерэвакуацияланған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Семей қаласындағы “Ақшын” сауда үйінде түнгі сағат 3 шамасында өрт басталған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды қазірге дейін сөндіріп үлгермеді. Алайда өрттен жапа шеккендер жоқ дейді құзырлы орган өкілдері.
– Қазіргі уақытта 300-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті күзетіп жатыр. Ғимарат қоршауға алынды, іргелес көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды. Тәртіп сақшылары құтқарушыларға көмектесіп жатыр. Периметр бойынша полиция нарядтары күшейтілді. Алайда оқиға орнында өрт сөндірушілерге жалынды тоқтату жұмыстарын атқаруға кедергі келтіріп жатқан адамдар аз емес, – деп жазды Polisia.kz.