1695717998174placeholder

Сарыағашта 3 жасар баланы әжетханаға құлатқан қыз қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Сарыағашта 3 жасар баланы әжетханаға құлатқан қыз қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысында 3 жасар қызды қасақана өлтіріп, тағы бір сәбиге қастандық жасауға оқталған 17 жастағы қызға қатысты сот үкімі шықты. Алайда жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

2024 жылдың 16 мамырында Сарыағаш ауданындағы жер үйлердің бірінің ауласында жасөспірім 3 жасар қыз баланы әжетхана шұңқырына итеріп жіберіп, оның өліміне себепкер болған. Арада бір ай өткенде, 13 шілдеде, көршісінің 2019 жылы туған баласына да дәл осындай қастандық жасауға әрекеттенген кезде ұсталған.

Сот-медициналық және психиатриялық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, жасөспірім «шизофрения» диагнозымен тіркелген. Мамандар оның қылмысты ақыл-есі дұрыс емес күйде жасағанын анықтады. Осыған байланысты сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Облыстық соттың мәліметінше, енді жасөспірімге психиатриялық стационарда мәжбүрлеп ем қабылдау шарасы тағайындалды. Ол арнайы медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында болады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар