515677693 2076478119549303 6686945951076324508 nplaceholder

Сапа мен қауіпсіздік басты назарда: Шиеліде құрылыс және абаттандыру жұмыстары жүруде

Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кенті мен Иіркөл ауылдық округінде жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Аудан басшысы алдымен Байтұрсынов пен Жахаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысын қарап, жұмыстардың сапасына және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы болуына ерекше назар аударды.
 
Келесі кезекте Дәулеткерей көшесінде жүргізіліп жатқан қоршау жұмыстарының барысын бақылап, жоба жергілікті тұрғындардың өтінішімен жүзеге асырылып жатқанын ескеріп, сапа мен қауіпсіздік басты назарда болу керектігін міндеттеді.
 
Сонымен қатар, Тәуелсіздік пен Яссауи көшелерінің қиылысында орнатылып жатқан бағдаршам жұмыстары да аудан әкімінің назарына ілікті. Халыққа қызмет көрсету орталығына жақын орналасқан бұл аумақ тұрғындар үшін маңызды екенін ескерген Айтбай Насриддинұлы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын тапсырды.
 
Аралау соңында Айтбай Насриддинұлы Иіркөл ауылдық округіндегі жол құрылысы жұмыстарының жай-күйін қарап, нысанды аралап шықты. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша бұл жобаны жүзеге асыру құқығын “РиА Сервис LTD” ЖШС жеңіп алған. Аудан әкімі мердігерге жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы орындау қажеттігін ескертті.
 
@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

8 − 6 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар