Сәбиді өлтіргені үшін анасы мен оның көңілдесі сотталды

Сәбиді өлтіргені үшін анасы мен оның көңілдесі сотталды

Қызды оның інісінің көзінше тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

2023 жылдың соңында Павлодар облысында жантүршігерлік қылмыс жасалды деп жазды “Мой город” басылымы.
 
Бесқауға ауылында жеті жасар Милана Давыдова жоғалып кетті. Қызды 500-ден астам адам іздеді.
 
Милананың денесі 19 қараша күні кешке табылған. Полицейлер баланың анасымен қатар оның танысы да күдікке ілінгенін хабарлады.
 
Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі “Кәмелетке толмаған адамды өлтіру” бойынша айып тағылды.
 
Іс материалына сәйкес Милана Давыдова күндіз анасы мен танысы жыныстық қатынасқа түсіп жатқанын көріп қойып, бұл туралы әкесіне айтатынын жеткізген. Мұны естіген үлкендер баланы өлтіруге шешім қабылдайды. Қыздың анасы оның басынан бірнеше рет қатты ұрған, ол еденге құлаған соң, есінен танып қалғанша белдікпен ұрған. Артынша ер адам қызды інісінің көзінше белдікпен буындырып өлтірген. Милана сол жерде көз жұмды.
Қылмысты жасағаннан кейін ересектер Милананың мәйітін үй жанындағы металл цистернаның астына жасырып қойған.
 
“Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындысымен және сотта зерттелген басқа да айғақтармен дәлелденді”, – деп хабарлады Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
 
Сотталушылардың өздері кінәсын мойындамады. Ер адам тіпті соттан өзінің әрекетін қылмысты жасыру және хабарламау ретінде қайта саралауды сұрады. Айта кетері, ол бұрын сотталған, психоактивті заттарға тәуелділіктен зардап шегеді, қылмыс жасаған кезде мас болған.
 
Сот үкімімен екі айыпталушы да кінәлі деп танылды. Әйел 20 жылға, ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

тринадцать − одиннадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар