Өрт қауіпсіздігі – әр үй мен әр адамға ортақ міндет

Azattyq-news
2 Min Read

Өрттің қай жерде және қашан орын алатынын нақты болжау мүмкін емес. Ол күтпеген жағдайда, адам салғырттығынан немесе қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан туындайды. Сондықтан өрттің алдын алу – тек төтенше жағдай қызметкерлерінің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті.

Осы мақсатта Сырдария ауданы, Шаған ауылы №37 мектеп-лицейінде оқушыларға өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға сынып жетекшілері белсенді түрде атсалысып, оқушыларға өрттің неден туындайтынын, қалай алдын алу керектігін, төтенше жағдай кезінде өзін-өзі қалай ұстау қажеттігін жан-жақты түсіндірді.

Сабақ барысында ұстаздар «өрт қауіпсіздігі – адамдардың өмірі мен денсаулығын, жеке және қоғамдық мүлікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бөлігі» екендігіне ерекше тоқталды. Себебі, бір сәттік немқұрайлылық үлкен қайғыға әкелуі мүмкін. Тұрмыстық жағдайда электр құрылғыларын дұрыс қолданбау, отпен абайсыз әрекет ету немесе балалардың бақылаусыз қалуы – өрттің негізгі себептерінің бірі.

Мектептегі түсіндіру жұмыстары барысында:

Төтенше жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу тәртібі,

Өрт кезінде эвакуация жолдары,

Оттан қорғану және тыныс жолдарын қорғау әдістері,

Өрт сөндіргіш құралдарды қолдану тәсілдері жайлы мәлімет берілді.

Сабақ соңында оқушылар сұрақтар қойып, қауіпсіздік ережелерін талқылады. Сынып жетекшілері балаларға күнделікті өмірде мұқияттық танытып, отбасы мүшелеріне де қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кеңес берді.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Басты мақсат – жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және олардың төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешім қабылдай білуіне үйрету.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру