Ринат Зайытовқа жерлестері жаңа көлік сыйлады

Ринат Зайытовқа жерлестері жаңа көлік сыйлады

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа Ақсуат халқы көлік мінгізді. Бұл туралы белгілі меценат, кәсіпкер Дулат Тастекей әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

«Асыл бесік – Ақсуат спорт және өнер фестивалінде Ақсуат жұрты арда ұлға құрмет көрсетіп, астына көлік мінгізді», – делінген жазбада.

Депутатқа көлік сыйлауға жиналған халықтың қарасы көп. Кәсіпкер жариялаған видеодан Зайытовтың қолын ұстаймын дегендердің таласын байқаймыз. Ал көлікке ие болғаннан кейін Ринат Зайытов халыққа костюмін лақтырып, басын изеп, алғысын білдіреді.

Желіде «Қазақты қазақ көтермелемесе, басқа кім көтереді? Жарайсыздар», «Көре алмай, анау-мынау әңгіме айтпаңдаршы, әрбір қазақ ер азаматы лайық темір тұлпарға», «Шындықты шырылдатар шыншыл ақын!» деген оқырмандардың жылы пікірі мен құттықтаулары толассыз келіп жатыр.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

два × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар