463962966 849416717379574 8134378547581996022 nplaceholder

Республика күні қарсаңында сырбойылықтар марапат төрінен көрінді

Бүгін Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оған құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, зиялы қауым өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Аймақ басшысы өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Атап айтсақ, еңбек ардагері Жарылқасын Шәріпов ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Тағы 7 азаматқа «Парасат», 15 азаматқа «Құрмет» ордені, 22 азаматқа «Ерен еңбегі үшін», 2 азаматқа «Шапағат» медалі мен «Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Басқосуда облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × 5 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар