Әлемнің 22 елінен ретротехникаға қызығатын 287 қатысушыдан тұратын үлкен автошеру Қызылорда қаласына келіп жетті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Автокөліктердің орташа жылы – 88, ал ең көне көлік 110 жыл бұрын шығарылған американдық LaFrance.
Автошеруге қатысушылар 18 мамырда Бейжіңнен шығып, Үрімші арқылы өтіп, 3 маусымда Қызылорда облысына жетті.
Шара кезінде полицейлер қауіпсіздік шараларын қабылдап, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Шеруге қатысушылар тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.
Енді олар Ақтау арқылы Бакуге өтіп, шеруді Парижде аяқтайды.