Қызылордадағы күріш ғылыми-зерттеу институтына жабылып қалу қауіпі төнді

WhatsApp Image 2023 10 18 at 18.54.10

Өйткені ауылшаруашылық министрлігі институтты базалық қаржыландыруды 10 ай бұрын тоқтатқан, деп хабарлайды «Азаттық-ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Елімізде күріш шаруашылығын ғылыми жолмен зерттейтін тек  Ыбырай Жақаев атындағы институты ғана. Мұнда ғалымдар су тапшылығын, топырақтың құнарын зерттеу, күріштің жаңа сорттарын шығару секілді түрлі ғылыми жұмыстармен айналысады. Ал жыл басында ауылшаруашылығы министрлігі институтты базалық қаржыландыруды тоқтатқалы жағдайымыз қиындады дейді ғалымдар. Өйткені бұған дейін ғылыми қызметкерлердің жалақысы да, институт ғимаратының шығындары да осы қаражат есебінен беріліп келген.

WhatsApp Image 2023 10 18 at 18.52.38

 «Өкінішке орай, соңғы жылы біздің институтты базалық қаржыландыру тоқтатылды. Бұл үлкен қауіп төндіреді. Тәуекел бар. Мысалы 5-6 ғылым докторы бар олардың 90 пайызы зейнеткер. Ал жас ғалымдар жалақысы аз жерде жұмыс істегісі келмейтіні анық», – дейді ғылыми қызметкер Серікбай Өмірзақов.

Мұндағы ғалымдар жалпы биліктегілер ғылымға көңіл     бөлмейді деп налиды. Айтуларынша институттың техникалық базасы да бірнеше жылдан бері жаңартылмаған. Оның үстіне үкіметтегі жиі болатын реформалар біздің жұмыс істеуімізге кедергі дейді.

WhatsApp Image 2023 10 18 at 18.52.33

«Ауылшаруашылығындағы жылдар бойы созылып келе жатқан реформалардың кесірінен біздің институт ғалымдар мектебімен, жас ғалымдар дайындаумен айналысудан қалды. Өйткені біздің ғалымдарымыз қазір мемлекеттің жобаларына тәуелді. Мәселен грант арқылы қаржыландыру, мақсатты қажыландыру секілді жобаларды жеңе алмаса, ғалымның еңбегі қанша маңызды болғанымен ақшасыз қалады», – дейді ғалым Лаура Тахетова.

Қазір институт басшылары  тек аз-маз алқапқа егілген күрішті сату арқылы түскен табыспен қызметкерлерді ұстап отырмыз дейді. Ал ауылшаруашылығы министрлігі мен ғылым және жоғары білім министрлігі бұл мәселені бір-біріне ысырып салды. Тіпті Азаттық.ньюс тілшісіне жауап та бермеді. Ғылыми қызметкерлер базалық қаржыландыру жұмысы жолға қойылмай, жағдайымыз одан сайын қиындайды дейді. Айтуларынша жарымайтын жалақыға ескі лабораторияда ғылыми зерттеу жүргізуге ғалымдардың көбі ниетсіз.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

десять − 6 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар