Батутқа секірмек болған кішкентай бүлдіршінді ересек балалар таптап кете жаздады. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Әлеуметтік желіде балалар ойнайтын орталықта кішкентай қыздың оңбай құлаған сәтінің видеосы тарады. Онда бүлдіршіннің өзі барып батутқа секірмек болғаны көрінеді. Сол сәтте аяғы тайып құлап кетеді. Ал батутқа келген өзге екі бала оны таптап өте жаздайды. Құлап қалған қыздың анасы осы оқиға кезінде бүлдіршінің аяғы сынғанын жазды.
– Ойын алаңдарында сақ болайықшы осындай жағдайлардан. Менен де кінә бар, караап отыруым керек еді. Бірақ ана екі бала қарамай ма көз алдарына, – деп жазды анасы.