«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығына орай қала тұрғындары мен ерікті жастардың қатысуымен Белкөл кентінде су айдындары мен арналарында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Сонымен бірге, «Мөлдір бұлақ» апталығына орай өңірде көркейту-көгалдандыру жұмыстары, Сырдария өзенінің арналары мен су айдындарын тазалау бағытындағы шаралар кент орталығынан бөлек барлық елді мекендерде жалғасуда.