Тілсіз жау салдарынан күріш ақтау зауытында жиналқталған шамамен 240 тонна күрішке зақым келген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Оқыс оқиға Қармақшы ауданына қарасты Дүр-Оңғар ауылында орын алды. “Жаңа жол” ЖШС күріш ақтау зауыты ғимаратының шатыр асты ағаштарының 234 ш.м. жануы анықталды. Өртті сөндіруге Қармақшы ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік өрт сөндіру техникасы 15 қызметкер жұмылдырылды. Өрт бір жарым сағатта толық жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
– Өрттің болжамды шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Қазіргі таңда оқиға орнында ТЖД Өрт зертханасы және анықтау бөлімінің мамандары өрттің нақты шығу себебі мен шығынын анықтауда. – деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі.
Өрттер көп болып жатыр. Алла сақтасын!