Қызылордада 700 млн теңгеге жуық қаржыға салынған жылыжайларды арам шөп басып жатыр

MVI 7988.MP4.Still001

 Он шақты жыл бұрын салынған 120 жылыжайда көкөніс өсіріліп, қала халқына арзан бағада сатылу керек еді. Алайда тұрғындар әлі күнге мұнда өскен өнімнің дәмін татып көрмеген, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

MVI 7988.MP4.Still003

Бұрынғы “Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ осыдан он шақты жыл бұрын қала іргесінен 120 жылыжай салған. Оған 668 млн теңге қаражат жұмсалған. Алайда жылыжайлар көптен бері қараусыз қалған көрінеді. Яғни жабындылары қирап, ішінде жабайы өсімдік қаптап кеткен. Одан қалды жылу батареялары да тотығып, тоз-тоз болған.

MVI 7988.MP4.Still002

Қазір мұнда екі күзетші жұмыс істейді екен. Олар 50 жылыжайды бір кәсіпкер алған дейді. Айтуыларынша соңғы жылдары аз-маз көкөніс егіп көрген. Бірақ жұмысымыз өнбеді деп отыр.

MVI 7988.MP4.Still005

Қазір жылыжайға жөндеу жүргізу керек. Сыртындағы жабындылары жарамсыз. Толық ауыстыру керек. Батареяларды көріп тұрсыздар. Шіріп кеткен. 2022 жылы 10 жылыжайға қияр, қызанақ еккенбіз. Оларды қожайын алып кетті. Қайда сатқанын білмеймін. Ал былтыр қарбыз ектік. Ол әдемі болып піскенімен, дәмі болмады. – дейді күзетші РАМЗАН ЦАЦАЕВ

Ал тұрғындар жылыжайға жұмсалған миллиондаған қаражат желге ұшты дейді. Айтуларынша жылыжайдың игілігін ел көрмеген.

MVI 7988.MP4.Still006

 – Үкімет осыған 700 миллион теңгедей ақша жұмсады. Он шақты жыл бұрын ол өте көп қаражат еді. Бірақ ол ақша ақталмады. Біз бұл жақта көкөніс егіп жатқан адам көрмедік бұған дейін. Қала тұрғындарының бірде-бірі осы жылыжайлардың өнімін татып көрмеген. Яғни барлық еңбек зая кетті. – дейді қала тұрғыны ҒАНИ ӘЛИЕВ.

MVI 7988.MP4.Still004

Қазір жылыжайлар “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ның еншісінде. “Азаттық-Ньюс”-тің тілшісі корпорция өкілдерінен жылыжайлардың неліктен қараусыз қалғанын, алдағы жоспарлары қандай екенін сұрап көрді. Алайда әзірге жауап болмады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шестнадцать − четырнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар