Пробация есебіндегі азамат бизнес жоба қорғап, жүлде алды

Қызылорда жаңалықтары, Азаттық-Ньюс, Бизнес жоба

Қызылордада есепте тұратын азамат кәсіпке байланысты өз идеясын ұсынып, 70 мың теңге ұтып алды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қызылорда қаласында «BASTA» бизнес-лагері өткізілді. Шараны облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Оған өңірдегі NEET санатындағы жұмыссыз жастар шақырылып, түрлі бизнес идеялар талқыға түсті.

Соның ішінде Қармақшы аудандық пробация есебінде тұрған А.есімді азамат жүлделі екінші орынды иеленіп, арнайы диплом және 70 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

– Бүгін мен үшін қуанышты күн. Өйткені бизнес жобам арқылы жеңімпаз атандым. Жылжымалы кинотеатр бизнес жобасын жасағанмын. Алдағы уақытта басқа да жобаларды жасайтын боламын. Қазіргі уақытта жеке кәсіп ашамын деген жастарға қолдау көп. Жеке кәсіп ашып, халқыма пайдалы болып, отбасымды адал жолмен асырайтын боламын. Жастарды қолдайтын шаралар көп болсын, – деді есептегі азамат.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять + десять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар