
Туризм және спорт министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды», — делінген Ақорда хабарламасында.
Ермек Маржықпаев бұл лауазымға 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалды.