Президент тапсырмасын қай облыстар созбалаңға салып жатыр? Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар өңірлердің жұмысы жөнінде тарқатып айтты, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Бектеновтың мәліметінше, президенттің бастамасымен қолға алынған ұлттық жобаның аясында 650-ден астам ауылда заманауи медициналық пунктер ашылуы қажет. Ол үшін республикалық бюджеттен 120 млрд теңге, ал аудандық ауруханаларды қайта жаңғыртуға 31 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Алайда қазіргі таңда тек бес өңірде – Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында медициналық нысандардың құрылысы толығымен аяқталған.
“Ал Жамбыл, Жетісу, Ұлытау, Ақтөбе, Ақмола мен Қарағанды облыстарында құрылыс қарқыны тым баяу. Мысалы, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында 6 объект бойынша жобалық құжаттама да әзірленбеген”, – деді Бектенов үкімет отырысында.