Полиэтилен шығаратын зауыт салынады

45369651 0 55 1280 775 1920x0 80 0 0 7f2e869e9ba4e161db3e381c0f62b09a.jpg

Құрылыс кезеңінде 8 мыңға жуық, ал зауытты пайдалану кезінде тағы 800-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Астанада “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов “СИБУР” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы – бас директоры Михаил Карисаловпен кездесті. 

Бұл туралы ҚМГ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жиын барысында тараптар “Силлено” жобасы – Атырау облысында қуаттылығы 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретін бірінші интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысын талқылады.
ҚМГ халықаралық серіктестердің қатысуымен Қазақстандағы мұнай-химия кластерін белсенді дамытып жатыр. Полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы еліміздегі осы саланы дамытудың келесі кезеңі болмақ.
Кәсіпорын Қарабатан арнайы экономикалық аймағының аумағында Теңіз кен орнына жақын жерде (Атырау облысы) салынады. Жоба қатысушылары – “ҚазМұнайГаз” (40%), СИБУР (30%) және Sinopec (30%).
Жалпы, құрылыс кезеңінде 8 мыңға жуық, ал зауытты пайдалану кезінде тағы 800-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

одиннадцать − восемь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар