Полицияға пара бергісі келген көлік жүргізушісі сотталдыplaceholder

Полицияға пара бергісі келген көлік жүргізушісі сотталды

Көлік жүргізушісі полиция қызметкеріне 10 мың теңге көлемінде пара бермек болған, деп  хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

 Астана қаласында полиция қызметкері мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлікті тоқтатқан. Сол кезде иесі әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында 10 мың теңге көлемінде пара беруге тырысқан. Алайда тәртіп сақшысы пара алудан бас тартты. Оның барлығы полицейдің бейнежетонына жазылды.
 
Прокурор параның 11,25 еселенген мөлшерінде айыппұл тағайындауды сұрады. Ал сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
 
Қылмыстық кодекстің 367-бабы 1-бөлігіне сәйкес, осы қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 20-еселенгеннен 30-еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
 
Сот ер адамның өз кінәсін мойындағанын, бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, шын жүректен өкінгенін ескерді. Асырауында жас балалары да бар. Бұның барлығы жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Судья оған 11,25 еселенген пара сомасы (112 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға шешім шығарды. Оған қоса, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
 
10 мың теңге сомасындағы пара мемлекет кірісіне тәркіленді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × 2 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар