464391413 962887485876888 1664596883916079667 nplaceholder

Партия филиалының төрағасы Жаңақорған ауданында болды

Жаңақорған – әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қарқынды дамып келе жатқан ауданның бірі, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ағымдағы жылы партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Ауданға сапар барысында партия филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы Есмаханов аудандық мәслихаттағы фракция мүшелерімен, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесіп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Жол картасының Жаңақорған ауданына тиісті шараларына келер болсақ, “Жер аманаты” жобасы аясында ағымдағы жылы 4.0 мың ГА жер телімін қайтару жоспарланып, бүгінге 4325.0 ГА жер телімі қайтарылды. Ал ауыл халқының әлеуетін арттыруға бағытталған “Ауыл аманаты” жобасы аясында жыл басынан 27 жоба мақұлданды. Жалпы жыл басынан бері жоспарланған 71 іс-шараның 22-і орындалды.

Басқосуда партия филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы ауданда атқарылған ауқымды жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Жиын соңында партия мүшелегіне қабылданған белсенді азаматтарға партиялық билет табысталды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар