459508765 931392419026395 2012790928370675449 nplaceholder

Партия филиалының төрағасы тұрғындарды қабылдады

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Төрағасы Алмасбек Есмаханов қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Келушілер жолдама арқылы медициналық тексеруге баруға жәрдемдесу, дәрі-дәрмекпен қамту, коммуналдық төлемдердің баға саясаты және әлеуметтік төлемдер бойынша ұсыныстар мен өтініштер білдірді.

Филиал төрағасы аталмыш тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құзырлы мекемелермен бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралатынын жеткізді. Сонымен қатар көтерілген барлық ұсыныс пен өтініштерді партия филиалы зерделеп жұмыс жасайтынын және өзінің тікелей бақылауда болатынын түсіндірді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

4 × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар