463905377 963515609147409 8859559492252652756 nplaceholder

Партия филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Сырдария ауданына жұмыс сапарымен келіп, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы қызметіне тағайындалған Ақтөре Ибрагимұлын таныстырды.

Жиынға партияның аудандық филиалының төрағасы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен белсенді мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының келісімі негізінде 2024 жылғы 23 қазаннан бастап партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы қызметіне Ақтөре Ибрагимұлының тағайындалуына орай жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

– Өздеріңізге белгілі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында «AMANAT» партиясының орны ерекше. Партияның Орталық аппаратының келісімі негізінде Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы қызметіне Ақтөре Ибрагимұлы тағайындалды. Аудандық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Ақтөре Ибрагимұлының жоспарлы жұмыстарды сапалы, уақытылы орындайтынына сенім білдіріп, жаңа жұмысына сәттілік пен абырой тілеймін, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Жиында еңбек ардагерлері Б.Өтегенова, Ш.Нұрсейіт, аудандық мәслихат депутаты А.Есназар сөз сөйлеп, тілектестігін білдірді.

Айта кету керек, А.Ибрагимұлы 1993 жылы туған, «Болашақ» университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы республикалық «Қазақстан жолы» газетінде бастап, аға тілші, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 2014-2017 жылдары Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде тілші, 2017-2019 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратында аударма жөніндегі редактор, аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы болып еңбек еткен. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келді. Сырдария аудандық мәслихатының VII, VIII шақырылымдағы депутаты, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

16 − один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар