Қостанайда ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Бүгін Арқалық қаласынан 1,5 шақырым жерде санитарлық авиация ұшағы қатты қозғалыспен шұғыл қонуға мәжбүр болған. Ұшақ бортында 4 адам болған. Екі ұшқыш пен екі дарігер.
Оқиға туралы хабар түскен бойда Қостанай облысы ТЖД-нің өрт сөндіру және құтқару жасақтары оқиға орнына жіберілді.
Аймақта және Арқалық қаласында жедел штабтар құрылып, жедел желі іске қосылды.
Құтқарушылар адамдарды аман-есен тауып, Арқалық қаласына жеткізген. Құдай сақтап, жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.