Орталық алаң ашылды

448641892 1387381465987119 4836302149896001285 n

Қызылорда қаласындағы орталық алаң ашылып, жұртшылықтың кешкі демалыс уақытында серуендеуіне қолайлы жағдай туды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Алаңдағы жаңашылдықтарға қала тұрғындары мен қонақтары ризашылық білдіруде.

Айта кетейік, өткен жылы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес аймақтың бас қаласын көркейтуге ерекше маңыз беріліп, игілікті істің бірі орталық алаңда бастау алған болатын. Жоба бойынша алаңға субұрқақтар, қиыршық тас, жолжиек тас төселіп, жарық диодты шамдар қойылып, газон, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, шағын архитектуралық пішімдемелер қойылды. Мұнда жаңа үлгідегі орындықтар, жарық бағаналары және балалар ойын алаңы да орналастырылған. Ы.Жақаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылуда. Жоба аясында қала келбеті, орталықтағы негізгі көшенің бірінің бойы көріктене түспек. Осылайша күрделі жөндеу үшін көптен бері жабық болған алаң бүгін ел игілігіне табысталды. Бұл жоба кәсіпкердің демеушілігімен жүзеге асырылуда.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

10 − восемь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар