456544591 2071787829883385 1682379586628275752 n e1724661780307placeholder

Облыста көмір тапшылығы болмайды

Облыс бойынша жылу беру маусымына көмірдің жалпы қажеттілігі 192,8 мың тоннаны құрайды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оның 164,5 мың тоннасы аймақ тұрғындарына қажет болса, 28,3 мың тонна әлеуметтік нысандарға тиесілі. Сала мамандарының айтуынша, биыл облыста көмір тапшылығы болмайды, сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда баға жағынан да айырмашылық жоқ. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ізмағамбетов айтты.

– Бүгінге дейін облысқа 18,6 мың тонна көмір жеткізілді. Бұл жалпы қажетті қатты отынның 9,6 пайызын құрайды. Қазіргі таңда қала және аудандардағы көмір қоймаларында нақты 27 мың тонна көмір қоры бар. Облыс көлемінде 26 өңірлік оператор (9 ЖШС мен 17 жеке кәсіпкер) жұмыс жасауда. Көмірдің негізгі көлемі тамыз-қараша айларында жеткізілетін болады. Жалпы, көмір жетіспеушілігі деген мәселе жоқ. Сонымен қатар, тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында көмірдің бағасы мен қоймалардағы нақты көмір қоры, олардың мекен жайларын ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде,- деді Бауыржан Нұрланұлы.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар