457451749 2078069445921890 5461750068461988109 nplaceholder

Облыста егін жинау науқаны басталды

Биыл облыс бойынша 189,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал, негізгі дақыл күрiштің көлемі – 85,6 мың гектарды құрайды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Егіс көлемі су тапшылығына байланысты өткен жылмен салыстырғанда 3,9 мың гектарға азайса, күріш өнімі 3,4 мың гектарға қысқарған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев айтты.

– Биыл облыста егіс көлемдерін әртараптандыру бағытындағы дақылдардан қосымша соя дақылы 111 гектарға, қант құмайы 240 гектарға, дән жүгері 1 011 гектарға және сүрлем жүгері 1,3 мың гектарға жеткізілді. Сондай-ақ, облыс бойынша егілген 4,1 мың гектар күздік бидай дақылы толығымен жиналып, 7,3 мың тонна өнім алынды. 5,3 мың гектар жаздық бидай да жиналып, 4,9 мың тонна өнім берді. Ал, 287 гектар арпадан 247 тонна өнім алынса, 1,0 мың гектар дәндік жүгерінің 810 гектары жиналып, 2,5 мың тонна өнім алынды. Дәнді дақылдарды жинау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Айта кету керек, егін егу науқанында 70,2 мың гектар жерге мал азықтық дақылдар егілсе, 17,6 мың гектарға картоп, көкөніс, бақша өнімдері егілді. Бүгінде олардан 4,3 мың гектар көкөніс жиналып, 75,3 мың тонна өнім алынса, бақша дақылдарынан 5,5 мың гектар жиналып, 126,3 мың тонна өнім алынды. Одан бөлек, облыс шаруашылық құрылымдары күтімге алынған 47,9 мың гектар ескі жоңышқаның 2,5 мың гектары тұқымға қалдырылып, орылуға тиісті 45,4 мың гектардың бірінші орымынан 121,3 мың тонна жоңышқа шөбі дайындалды. Қазіргі таңда екінші орымы аяқталып, 113,0 мың тонна жоңышқа шөбі жиналды. Сонымен қатар, 20,6 мың гектар жаңа жоңышқа толығымен жиналып, 19,8 мың тонна өнім алынды. Шаруашылық құрылымдары егілген ауыл шаруашылығы дақылдарына күтіп-баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қолда бар 4 440 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толығымен жөндеуден өткізіліп, күзгі егін жинау науқанына қатысуға дайын, – деді Талғат Тұрсынұлы.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар