539496286 2120425598487888 465129936969081240 nplaceholder

Облыс әкімі Шиелідегі теміржол вокзалын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев және жауапты сала басшыларымен бірге Шиелідегі теміржол вокзалын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Шиелі теміржол вокзалы да — 1904 жылы салынған тарихи нысан, күрделі жөндеу жұмыстары 2012 жылы жасалған. Бүгінде 13 жұп пойызына, тәулігіне 163 жолаушыға қызмет көрсетеді.
Өткен жылы Шиелі ауданы әкімдігі жолаушылар платформасының кіреберісіне қақпа салып, бұрынғы су мұнарасын жөндеді, 8 жарықшам, 10 орындық, 10 қоқыс жәшігі қойылды. Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мердігер мекеме «Дәнекер» ЖШС ғимараттың ішкі және қасбетін қаптау жұмыстарын қолға алған.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар