Облыс әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

443699238 749269874060926 2419636235333486286 n

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Тұрғындар денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады.

Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Әрқайсысы толық зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары қарастырылады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Бірқатарының шешілу жолдары көрсетілді.

Бүгінгі қабылдауда облыс әкімі жауапты басшыларға І топ мүгедектігі бар азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге ІІ топ мүгедектігі бар, асыраушысы жоқ қала тұрғынының баласын облыс әкімінің грантымен медицина академиясына түсіру үшін қажетті шаралар қабылдау міндетін жүктеді.

Сондай-ақ, көп балалы ана мұғалім болып жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. Бұл сұрақ заң аясында, конкурс арқылы шешілетіні айтылды.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov. порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

12 − семь =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар