Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы Үкіметі делегациясының құрамында Ресей Федерациясы Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Сапар кезінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаевпен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.