Облыс шекарасы өзгертілмек

Қызылода жаңалықтары, Азаттық ньюс

Шекара өзгеретіні туралы премьер-министрдің қаулы жобасында айтылады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3 954 015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін», – делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.

Аталған қаулының жобасы 15 шілдеге дейін талқыланады.

Облыстың шекарасын өзгертуге мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат талап етпейтіні және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтыны түсіндірме жазбада нақты белгілі болмақ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

4 × 2 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар