
Қала әкімдігі жанындағы мобильді топ мейрамханалар, кафе-барлар және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және кальян шегудің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты жүргізуде.
Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанына қарамастан, демалыс күндері жүргізілген рейдте ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда темекі және кальян шегуге қатысты заң талаптарын бұзған азаматтар анықталып, әкімшілік хаттамалар рәсімделді.